Ақпан айының соңында славяндардың ежелгі мәдениетінен шыққан дәстүрлердің бірі, масленица тойланады. Қыс мезгілін шығарып салу рәсімі биыл қалай тойланбақ? Тілші әңгімесінде.

Негізгі шара 22 ақпан жексенбі күні Гагарин атындағы паркте өтеді. «Веселая масленица» атауымен өтетін бағдарламада ойын сауық ұйымдастырылады.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Бағдарламада ұлттық ойындар, дәстүрлі тағамдар, ит жегілген шанамен сырғанау, хаски иттерімен фото суретке түсу, ойындар, ән айту,би билеу ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қала қонақтары Масленица бағанын бағындыру сайысында өз күштерін сынай алады. Мерекенің кульминациясы – қыстың қуыршағын дәстүрлі түрде өртеу. Павлодар қаласының тұрғындарын және қонақтарын осы мерекелік шара қатысуға шақырамыз.

Бұл мерекенің басты тағамы күн іспеттес, құймақ. Бұл күні бұл наның бұл түрі пісіріліп таратылады. Масленица – бұл тек ойын-сауық емес. Ол жақыныңа мейірім танып, кешірім сұрау мейрамы.

Әйгерім Тоқпанқызы