Биыл Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығына 30 жыл толды. Мерейтойға орай қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалы әйелдер стартаптарына арналған байқау ұйымдастырды. Жарты жыл бұрын жарияланған жобаға өңірдің 75 белсенді нәзік жандылары қатысты. Оның тек он бірі финалға өтті.
Іскер әйелдер қауымдастығы нәзік жандылардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдайды. Олар тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастырып, жаңа жобаларға бағыт-бағдар береді. Байқаудың мақсаты – кәсіп бастаймын деген әйелдерге идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.
Айжан Мақашева, Павлодар облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі
Іскер әйелдер ассоцияциясына 30 жыл толып отыр. Соған орай осындай байқау жариялаған болатынбыз. Жарты жыл бұрын инстаграм арқылы жарияладық. Жарты жыл бұрын 75 қатысушы болды. Іріктеуден 11 өтті. Бүгін барлық қатысушылар сый алатын болады.
Қатысушылар ұсынған жобалар әртүрлі бағытты қамтыды. Олар медицина, білім беру, технология және сұлулық индустриясы салаларына қатысты жобалар. Әр финалист өз кәсібінің қоғамға қажеттілігін түсіндіріп, болашақ жоспарын баяндады.
Дария Тохтар, қатысушы
Бұл жоба мен үшін өте маңызды. Себебі, дәл қазір біздің жобамыз үшін өте маңызды инвестиция алуға болады. Яғни, қазір жеңімпаз атансам, 1 млн теңге ұтып алуға болады. Бізің жобамыз үшін бұл маңызды. Себебі, ЖИ негізінде құрылатын жобалардың бәрінде ең алдымен ЖИ үшін төлеу керек, одан басқа айти мамандарды жалдау керек. Өзім айти маманмын, алайда менің дағдыларым оған жетпей жатыр.
Байқаудың бас жүлдесі – 1 миллион теңге. Екінші орын иегеріне – 300 мың теңге, үшінші орынға – 200 мың теңге беріледі. Қалған қатысушыларға да арнайы ақшалай сыйақылар қарастырылған. Нәзік жандылар бұл қаражатты құрал-жабдық алуға, оқу бағдарламасын дамытуға немесе қызмет сапасын арттыруға жұмсайтындарын жеткізді.
Сабина Жолдаспаева