Павлодарда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен оқу жылында 40-тан астам жаңа мамандық ашылды. Бұл шешім еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды қадам. Жұмысшы мамандықтардың артуы экономиканың дамуына, жұмыссыздықтың азаюына, өндірістік және техникалық саладағы прогреске тікелей әсер етті.

Нұрдәулет Тірнекбек ұн өңдеу саласының болашақ маманы. Яғни ас атасы нанның, қалай біздің дастарханымызға жететінін қадағалайды. Қазір Павлодар қаласындағы технологиялық колледжде білім алып жатыр. Әлеуметтік желіде осы мамандыққа қабылдау болып жатқанын естіп, бірден келіпті.

Нұрдәулет Тірнекбек, студент

Бұл мамандық қазіргі кезде өте көп сұранысқа ие. Өйткені Қазақстанда ұн шаруашылықтары өте жоғары деңгейде болғандықтан, мен ойлаймын мен элеватор мамандығын таңдадым. Бізде бірінші курстан бастап, элеватор мамандығынын негізгі бөлімдерін өтіп жатырмыз. Үйреніп жатырмыз. Жұмыс жасаймыз деген ойдамыз.

Жалпы элеватор, ұн тарту, жарма және жем өндірісі мамандығы технологиялық колледже осы оқу жылында ашылды. Қазір 25 студент бұл бағыт бойынша білім алып жатыр. Ел экономикасы үшін маңызды сала – элеватор ісі бойынша оқыту әзірге облыс бойынша осы оқу орнында ғана жүргізіледі.

Меруерт Матанова, Павлодар технологиялық колледжінің директор орынбасары

Жалпы ағымдағы жылда 2025-2026 жылда есеп аудит, орман шаруашылығы, элеватор бойынша топтар ашылды. Жалпы олсы элеватор ұн тарту мамандығы бойынша әлеуметтік серіктердің сұранысы бойынша ашылды. Осы зертханамыз ашылды.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Павлодар облысында өткен жылы 48 жаңа мамандық ашылды. Олардың қатарында «Полимер өндірісінің технологиясы», «жаңартылатын энергия», «жылжымайтын мүлікті басқару», «нан пісіру» және жоғарыда айтқандай «элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» оқу бағдарламалары бар. Павлодар облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 42 ұйым бар. Оның 28-і мемлекеттік, 14-і жеке меншік колледждер. Ал, «Жас Маман» жобасы аясында 10 мемлекеттік колледж базасында 10 құзыреттілік орталығы ашылған. 35 колледжде 210 білім беру бағдарламасы әзірленді. Жалпы облыс колледждерінде 23 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Әлия Жақыбай, Павлодар облысы білім беру басқармасының әдіскері

Колледждеріміз Халықаралық аккредитациядан өтті. Атап айтқанда, Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Жоғары электроника және коммуникация колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі, осы колледждер халықаралық дәрежедегі аккредитаттаудан өтті.

Қазақстандағы «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы – ел экономикасының дамуы, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру үшін маңызды қадам. Бұл шаралар арқылы мемлекетіміз кәсіби білікті мамандарды даярлап, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп, экономикалық даму мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етеді.

Самал Қалиқызы, тілші

Сонымен қорытындыласақ, кейбір жұмысшы мамандық иелері көпшілік назарында бола бермейді. Оларды қоғам беделді емес санайды. Қазіргі заманда айти технологтарды, ақпараттық мамандар, заңгер, қаржыгерлер аса қажет. Бірақ олармен қатар қарапайым механизатор, жүргізуші, нан пісіруші, дәнекерлеуші, аула сыпырушылардың қажет екенін ұмытпаған жөн. Әлемде қандай жаһандық өзгеріс болып жатса да жұмысшы мамандықтарға сұраныс әркез жоғары болды және бола бермек.

Самал Қалиқызы