Павлодарда жастардың құқықтық сауаттылықтарын арттыруға арналған ерекше форматтағы шара өтті. Ойын қатысушылары өздерін сот процесіне шынымен қатысқандай сезініп, ой-пікірлерін білдірді. Бұдан не түйді? Оны келесі сюжеттен көре аласыздар.

Сот отырысы үлгісіндегі сайыс есірткіге қарсы «Таза қала ісі» атты оқу кейсі негізінде өтті. Ол бойынша қатысушылар есірткінің заңсыз айналымына қатысты жағдайды талдады.

Алихан Санатканов, жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктісі

«Павлодардың жастары бүгін адвокат және прокуратура жағынан рөлдер алып, ойын ретінде соттық процесті жүргіздік. Оның барлығы жастар нашақорлықтың зияны және оның қандай салдары бар екенін түснуі үшін өткіздік. Оған қоса жастар осы соттың. Рольдарды не және қалай істелетінін білуі үшін»

Облыстық прокуратура қызметкерлері, қылмыстық істер бойынша адвокаттар,облыстық нотариаттық палата өкілдері, облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сарапшы-кеңесші ретінде шақырылды. Олар сот процесінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Ал еріктілер, құқық саласына қызығушылық танытқан студенттер мен оқушылар сот, мемлекеттік айыптаушы тарап, қорғаушы тарап, айыпталушы, жәбірленуші, сот отырысының хатшысы және өзге де рөлдерді жеребе арқылы бөліп алды.

Тимур Евлоев, № 26 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы

«Мен айыптау тарапының қатысушысы болып, тергеуші қызметін атқардым. Прокуратураның мүдделерін және дәлелдерін ұсындым. Осы сот отырысында пікірталас жүргізу және сөз сөйлеу өте қызықты болды.» «Әрине, мен бұған дейін нақты сот істеріне немесе заң тақырыбындағы дебаттарға қатысқан жоқпын. Дегенмен негізгі құрылымы туралы мектептегі оқу бағдарламасы мен кейбір бастамаларының арқасында білемін. Ол регламентті және тараптардың сөз сөйлеу тәртібін түсінуіме жәрдем берді. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар өз мамандықтары тұрғысынан дәріс өткізіп, жан-жақты түсіндірд»

Шара қатысушылардың теориялық білімін кеңейтіп қана қоймай, топта жұмыс істеу, пікірлерін дәлелді жеткізу және шешімдері үшін жауапкершілік алудың маңызын көрсетті. Сондай-ақ құқықтық сауаттылықтарын арттырып, осы сала қызметімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.

Жұлдыз Қабылденова