Павлодарда жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұндай дрондар енді бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Себебі, жүргізушілер жолда жүру тәртібін жиі бұзады. Үстміздегі жылы 114 жол-көлік апаты тіркеліп 9 адам қайтыс болды. 174 адам ауруханаға түскен. Осы мерзім аралығында Ekin Patrol G2 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендері арқылы ғана 350 ге жуық жылдамдықты арттыру фактісі тіркеліп, 11 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Қорқыныштысы сол, бұл соңғы бір жарым айда ғана жинақталған дерек.

Бәкібай Ахмедиянов, Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы

-Қаңтар айынан дәл бүгінгі күнге дейін 12 мың көлік иесі жауапқа тартылды. Бұның алдын-алудың жолы бақылауды күшейту ғана. Мәселен, жүргізушілер ойлайды, камера жоқ екен, демек жылдамдықты шамадан тыс арттыруға болады деп. Бірақ оларды дрондар арқылы көреміз. Жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайды.