Бейсен Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында педагогтерді, студенттерді және өңірдің әлеуметтік серіктестерін біріктірген «Тәлім.Тәжірибе.Рефлексия» атты облыстық практикалық бағыттағы сессия өтті. Оған облыстың барлық аудандарынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты.

Шара Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Онда мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау саласында тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң құрылды. Сессия жұмысына Павлодар облысындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, колледж студенттері, сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық‑педагогикалық институты өкілдері қатысты. Практикалық сессия форматы қатысушыларға авторлық әдістемелерді таныстырумен қатар, нақты педагогикалық құралдарды іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. Сессия бағдарламасы төрт тақырыптық алаң жұмысын қамтыды. Ол шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытуға арналған ART-зертхана, коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыруға арналған STEM-алаң, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамытуға арналған SMART-алаң және мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған STEM-алаңы болды.

Айжан Есмағамбетова, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі арнайы пәндер әдістемесінің оқытушысы

Бүгін біздің колледжімізде тәжірибелі мектепке дейінгі педагогтері мен студенттері біріктірген айтулы шара өтті. Интерактивті алаңдар белсенді жұмыс кеңістігіне айналды. Стем пәнаралық біріктірілген оқу модельдері қарастырылды. Осының аясында балалардың шығармашылықтарын дамытуға арналған жасанды интеллект элементтерін пайдалануды көрді. Ұлттық ойындардың заманауи технологиялық әдістермен біріктіріп жасалатын жұмыс жолдарын қарастырды, математикалық білімдерін дамытатын ойлау қабілеттерін дамытатын ойындар болды. Стем технологиялар жүрігзетін үйірме жұмыстары талқыланды.

Педагогтер инновациялық инфографиканы, балалар анимациясын, жасанды интеллектті, ұлттық ойындарды, экологиялық технологияларды және авторлық ойын әдістемелерін қолдану тәжірибелерін ұсынды. Сессия «Педагогикалық action: идеядан практикаға дейін» атты әдістемелік курстың жүзеге асуының жарқын үлгісі болып, болашақ педагогтердің кәсіби рефлексиясын дамытуға және практикалық бағыттағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталды.

Ольга Вычка, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер әдістемесінің оқытушысы

Педагогтер өз тәжірибелерін интеркативті алаңдарда көрсетті. Студенттер болса экологиялық тәжірибелер техникасын үйреніп, балалар анимациясын құрастырды. Балалардың қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды музыкалық өнерінде қолданды, жасанды интеллекті элементтерін пайдаланды.

Семинар соңында «Дағдылар әрекетте: тәжірибені пайымдау» атты қорытынды рефлексия өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Практикалық бағыттағы сессия колледждің стейкхолдерлермен және Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен стратегиялық әріптестігінің нәтижелілігін көрсетіп, мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлаудың инновациялық үлгілерін іске асыруға және халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға өңірдің ғылыми-әдістемелік дайындығының жоғары деңгейін растады.

Самал Қалиқызы