Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін қайтарымсыз грант көлемі 1 млн 730 мың теңгеге жетті. Құжаттарды қабылдау сәуір айында басталады. Мақсатты гранттар кімдерге беріледі? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы, мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттардың берілетінін еске салады. Былтыр жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 444 адамға 692 млн теңге көлемінде грант берілді.
Шолпан Жүкенова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы
Гранттар конкурс аясында әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі. Олар жеке кәсіпкер не жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Сонымен, гранттар қандастарға, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, мүгедектігі бар балаларды асырап отырған азаматтарға, мүгедектігі бар жандарға, асыраушысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі.
Бір үміткерге 400 АЕК көлеміне дейін мемлекеттік көмек тағайындалады. Үміткер «Бизнес.еңбек.кз» платформасында электронды өтініш қалдыру керек. Оның алдында «Бизнес бастау» аясында оқып шығуы міндетті. Сертификат алғаннан кейін өтініш қалдырып, оны комиссия қарастырады.
Шолпан Жүкенова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы
Гранттар негізі ауыл шаруашылығына, яғни үй жануарларын, құстарын сатып алуға, техникалық құралдар, инвентарь алуға ғана беріледі. Несиелерді өтеуге, тұтынушылық бағытта гранттар берілмейді. Гранттан бір-ақ рет беріледі.
Биыл жалпы сомасы 605 млн теңгеге 350 грантты беру жоспарланып отыр. Құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі сәуір, екінші кезеңі тамыз айларында болмақ.
Самал Қалиқызы