Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Арман Қаниды еске алу кеші өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақынның отбасы, жастар қатысты. Шара аясында ақын атындағы мәнерлер оқу сайысының жеңімпаздары да марапатталды.
Арқаның ақын Арманы 1954-жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ел мен жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілігі оқушы кезінде-ақ танылған. САяси көзқарасы үшін қуығынға да түсіп, күрес жолына ерте араласады. Шара аясында зиялы қауым өкілдері ақын жайлы естеліктермен бөлісті.
Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы
Арманның қасында жолдас болып бірге жүрдім. Көзі отты жігіт. Поэзия көп оқиды. Мен де өлеңдерді жақсы көрем. Кейін мектептерге шақырғанда бірге баратын болдым. «Ар алдында» деген кітабын алғаш маған сыйлады. Сол кітап біздің үйдің төріндегі ең қымбат мүлкі болып есептеледі. 6
Әдеби сазды кеште ақынның сүйікті әндері орындалды. Жиналған қауым, жастар, ұстаздар мен оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығынан мол мағұлмат алды. Сонымен қатар, Арман Қани атындағы мәнерлеп жыр оқу сайысының жеңімпаздары да көпшілік алдында өнерлерін көрсетті.
Ақын өлеңдерін жатқа оқыған, жай оқымай нақышын келтіріп, мазмұнын аша оқыған жасөспірімдер мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Диляра Табаева, Арман Қани атындағы мәнерлер оқу бәйгесінің жеңімпазы
Сынып жетекшім Айсұлу Мажитовна осындай байқау болатынын айтқан күннен бастап Арман Қанидың өлеңін жаттай бастадым. «Қыз қуу» өлеңін таңдадым. Сосын тағы екі өлеңін, соның ішінде «Ертіс» өлеңін алдым.
Ақын отбасы осынау еске алу кеші үшін, музей ұжымына ат салысқан жандардың баршасына алғысын жеткізді.