Павлодарда «Senat Open – 2026» жылдам шахмат турнирінің кезекті этапы өтті. Бұл жолы шахмат тақтасы басына өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қауымдастығы жиналды. Толығырақ зияткерлік ойынды тамашалап қайтқан тілші әңгімесінде.
Бұған дейін зияткерлік турнирдің сегізден бір финал кезеңінде түрлі кәсіби әрі мекеме өкілдері бақ сынаған болатын. Әрбір жаңа тур аудиториясымен ерекшеленді. Яғни, шахмат мамандық пен жасқа қарамастан адамдарды біріктіре алатын әмбебап ойын екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бүгін ала тақта басында журналистер отырды. Солардың қатарында біздің арнамыздың редакторы Салтанат Сыздық те бар. Ол мектептегі оқушы кезінен шахматпен айналыса бастағанын айтады.
Салтанат Сыздық, «Еrtis» арнасының редакторы
Мен шахмат ойындар мектеп кезінен бастаған едім. Ең алғашқы 6 сыныпта бастағаным есімде. Шахмат, Тоғызқұмалақ, шашки үйірмелеріне барып, осы ойындап бойынша турнирлерге қатысқанмын. Негізі спортқа деген қызығушылығым бала кезден бар. Бірақ 6 сыныптан бастап шахматпен айналысамын деп шешкен едім.
Қатысушылар 9 тур ойнады. Ал финалға өткен ең мықтыларға ақшалай сыйлықтар қарастырылған.
Арыстан Қапаев, ҚР шахмат федерациясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы директоры
Біз қуаныштымз әрбір топтан келіп, БАҚ блогер болса да бір үстелде отырып, 20 ойыншы өтеді. 5 орынға дейін ақшалай сыйлық бар. Ақшалай сыйлық болады.
Турнир қорытындысы бойынша ең мықты 20 ойыншы мамыр айында өтетін «Сенат оупен-2026» турниірінің ширек финалына қатысады. Айта кетейік келесі іріктеу додасы денсаулық сақтау және құқық қорғау қызметкерлері арасын өтеді.
Әйгерім Тоқпанқызы