Павлодарда облыстық жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы олар елдің Негізгі заңына енгізілуі мүмкін өзгерістер мен алдағы референдум туралы әскери қызметшілерге түсіндірді.

Коалиция мүшелері ұсынылып отырған түзетулердің мазмұнына жан-жақты тоқталды. Олар өзгерістердің маңызын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ азаматтардың алдағы өзгерістерді талқылауға саналы түрде қатысуы қажет екенін атап өтті.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық жалпыұлттық коалиция штабының төрағасы

Кез келген мемлекет ішкі бірлік болғанда ғана дамиды. Бірлік пен тұрақтылық – ең басты құндылық. Бұл қағидалар жаңа Конституцияда көрініс табады.

Кездесуде елдегі сайлау мәдениетін қалыптастыру мәселесі де кеңінен сөз болды. Мамандар алдағы референдумды өткізудің маңызын түсіндірді. Мұндай ауқымды мәселеде әр азаматтың пікірі ескерілуі тиіс екені айтылды.

Гүлнар Шамшудинова, «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Референдум – бұл азаматтардың ерік білдіруі. Бүгін бізге өз таңдауымызды жасап, бір сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру мүмкіндігі беріліп отыр. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар бұл құқыққа сенбейді немесе оны пайдаланбайды. Айта кету керек, ұсынылып отырған Конституция адамға бағытталған. Онда адамның құқықтары мен бостандықтары басты орында тұрады. Бұл нормалар жай жарияланбайды, нақты бекітіледі. Құжат мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайды.

Жаңа Конституция жобасының нақты шешімін 15 наурыз күні өтетін Республикалық референдумде ел азаматтары қабылдайды.

Сабина Жолдаспаева