Өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту жолындағы заңнама күшеюде. Бұдан былай мемлекеттік бақылау мен қадағалау артады. Өндірістік қауіпсіздік биылдан бастап «Азаматтық қорғау туралы» салалық заңмен тікелей реттеледі.

Жаңа заң тегігіне сәйкес тәуекелі жоғары кәсіпорындар жіті қадағалауға алынады. Ал, жоғары тәуекелді субъектілерге жатпайтын нысандар үш жылда бір рет тексеріледі. Айта кетерлігі, енді мемлекеттік мекеме кәсіпорындарды тексермес бұрын 30 күн бұрын, емес 1 тәулік бұрын ғана ескертеді.

Мақсат Жұмабеков, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары

Бұл бақылау органдарына қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нақты жағдайы туралы объективті баға беруіне мүмкіндік береді. Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, бақылау және қадағалау органдарына жоспарлы тексерулер нәтижелері бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы беріледі.

Бұдан былай барлық субъектілер өндірістік бақылау қызметтерін құруға міндетті, олар ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынады. 2027 жылдан бастап барлық кәсіби авариялық-құтқару қызметтері, соның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың өздері құрған қызметтер де, таукен-құтқару, газдан құтқару және фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өтуге міндетті. Заңды іске асыру шеңберінде 39 нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып, сәйкестендірілді. Оның ішінде үш акт алғаш рет жарияланды.

Мақсат Жұмабеков, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары

Жалпы алғанда, қабылданған өзгерістер өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жүйелі түрде арттыруға, авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімді, ашық әрі түсінікті жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Павлодар облысында ТЖД бақылауында 178 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олардың құрамында 12 мыңнан астам қауіпті өндірістік объект тіркелген. 2025 жылы 948 объект нысанды қамтыған 74 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 1676 заңбұзушылық анықталып, 32 қауіпті объектінің жұмысы тоқтатылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.