Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ұса қажы Түркеұлынан қалған мұралар көрмеге ұсынылды. Көрме қасиетті Рамазан айына орай ұйымдастырылды.
Ғұмырында 3 рет қажыға барған Ұса Түркеұлынан қалған мұралар ұрпақтан ұрпаққа жетікізіліп, сақталған. Қазіргі уақытта Тереңкөл ауданы Песчан ауылында тұратын Назар Әкрамұлының шаңырағында. Рамазана айына орай көпшілікке ұсынылды. .
Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы
Өзінің асатаяғы.Өзі қолмен өріп жасаған таспиығы, тұмары, құраны. Екінші рет қажыға жаяу барған кезде қағбаның матасын таратқан кезде бұл кісіге жаяу келгені үшін 2 метрдей қылып берген екен. Негізі беторамалдың көлеміндей ғана таратады екен. Оны да көрмеге қойамыз.
Сондай-ақ, Медине қаласындағы пайғамбар мешітінің схемасы да қажының ұрпақтарында сақталыпты.
Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы
Бұны Темірғалы (Ұса қажының баласы), Темірғалыдан Әкрам, Әкрамнан осы Назар сақтап отыр. Негізгі жеткізуші Назардың анасы Гүлжазира анамыз. Әдейілеп рамазан айында көпшілікке ұсынып отырмыз. Қолда сақталғаннан гөрі, ел көріп, рухани байыса деген оймен көрсені ұйымдастырдық.
Бұдан бөлек осы уақытқа дейін музей қорының сақтаулы тарихы құран кітаптары да көпшіліккке ұсынылды. Олардың қатарында, Мәди Бәпиұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сияқты танымал әдебиет және өнер тұлғалары оқыған құран кітаптары бар.