Соңғы боран мен қардың қалың жаууы өңірдегі жағдайды біраз қиындатты. Қазір елдімекен көшелерін қардан тазалау, еріген суды шығару жұмыстары жүруде. Коммуналдықтар мен төтеншеліктер үзіліссіз жұмыс режиміне көшті. Қалалық әкімдікте жағдай бақылауда деп отыр.

Қазгидромет мәліметінше, Павлодар облысының 80 пайыз аумағында қар жатыр. Қар жамылғысының биіктігі әртүрлі. Оңтүстікте 3-8 см болса, орталық аумақтарда 30 смге дейін жетеді.

Думан Қыдырмоллаев, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары

Температураның көтерілуіне қардың белсенді еруіне байланысты, жол бақылауға алынды. Қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. 63 мыңнан астам қар дайындалған. 1200 су өткізгіш тазартылды. Ықтимал аймақтарын анықтады.

Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылында өзеннің мұзын әлсірету үшін 1000 шаршы метрде жарылғыш заттар қолданылды. Павлодар облысы ТЖД ақпаратынша, қазір облыста Ақтоғай ауданы, Ақсу ауылдық аймағына тасқын судың қаупі жоғары. Өңір аумағында жедел штаб жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, Павлодар қаласы маңындағы ауылдарына да қалың қардың салдарынан су тасқыны қаупі бар екен.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы

Су тасқынына қарсы шаралар аясында Екінші Павлодар, Зеленстрой аумақтарында қар шығару жұмыстары жүргізілді. Көктем келгелі коммуналдық қызметтермен күн сайын еріген суды сору жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні 20 мың текше метр су жиналды. Маусым басталғалы 109 қызметіне 95, ал ТҮКШ бөліміне 50 өтініш келіп түсті.

Жалпы қыс уақытында қар тазалау жұмыстарына 250 жұмысшы, 300 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 900 мың тонна қар шығарылды. Қазір күн сайын Павлодар қаласында 30 бірлік техника үзіліссіз күні түні жұмыс істейді. Еріген суды жинау, соруға өтінімдерді әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда қалдыруға болады.

Самал Қалиқызы