Ақсу қаласында наурыз тойы ауқымды тойланды. Этноауыл құрылып, жұртшылыққа мееркелік концерт ұсынылды.
Алдымен халыққа театрландырылған қойылым ұсынылды. Көктемнің көрікті мейрамында Дихан баба келіп ізгі тілегін жеткізсе, Қыдыр ата бата берді. Ақ жаулықты әжелер жұртшылықты ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақ шашу шашты. Әрмен қарай мерекелік концерт басталып, арнайы шақырылған қонақ, эстрада жұлдызы Жандос Қаржаубай мейрамды әнмен әрледі.
Алаңға этноауыл құрылып, әр киіз үй қазақтың салт-дәстүрін көрсетті. Қазақ халқы дәстүрге бай. Әр салтынан жақсылық пен қуаныштың лебі есіп, айналаға деген ізгі ниеті мен пейілі жатады. Сәби дүиеге келгеннен сәттен бастап атқарылатын қастерлі рәсімдер бар.
Алаңда жұртшылықтың қарасы мол. Қолөнер, спорт, сауда алаңдарында әр түрлі қызықтарды тамшалап, ажарлы Ақсудың науырз мейрамын тамашалады. Ұлыстың ұлы күнінде тілек айтты.
Наурыз келсе, көктем келеді. Тіршілік оянып, жерге көк шығады. Дүние жаңарып, жүздерге күлкі үйріледі. Осынау ұлы күнді, дүбірлі тойлы ажарлы Ақсу жұрты шаттықпен қарсы алды.