Көктемгі су тасқынан қарсы шаралар аудандарда да қарқынды. Осыған байланысты Железин ауданы орталығы аумағында қар шығару қарқынды жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйімен әріптесім танысып қайтты.

Қар шығару жұмыстары ақпан айынан бастап қолға алынған. Жергілікті әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы техника мен жұмысшыларды жұмылдыра отырып, ауыл ішін қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Азамат Камариденов, Железинка ауылдық округі әкімінің орынбасары

«2026 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша ауыл аумағынан 7 750 текше метр қар шығарылды. Жұмысқа жалға алынған 7 техника – екі фронталды тиегіш және бес самосвал жұмылдырылды. Шаруа қожалықтарының 4 бірлік техника яғни, 1 фронтальды тиегіш және 3 самосвал берді. Қазір олар Железинка ауылдық округы Автобаза ауылы аумағынан қар шығарып жатыр. Күнделікті орта есеппен бір 20 рейс жасап, әр рейсте 15 текше метр қар шығарады.»

Железинка ауылдық округі әкімі орынбасарының айтуынша, ақ ұлпаның қалың жаууы мен аяз салдарынан топырақтың тоңдануы салдарынан бұған дейін қардың еруі қиындық тудырған. Ал қазір күн жылып, қар ери бастағандықтан, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Әсіресе, су басу қаупі жоғары аулалар мен үйлер – ерекше бақылауда.

Азамат Камариденов, Железинка ауылдық округі әкімінің орынбасары

«Кейбір аула су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Оларды бақылауда ұстаймыз. Суды тартып шығаратын кезекші бригадалар жұмыс істейді. Сондай-ақ іргетасы жол деңгейінен төмен орналасқан ескі үйлер бар. Оларды да су басу ықтималдығы бар, себебі су төмен жерге жиналады. Соның алдын алу үшін біз тазалау жұмыстарын жүргізіп, суды қазаншұңқырға жинау жолдарын жасаймыз.»

Қардың уақытылы шығарылуы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басу қаупінен қорғайды. Сондықтан көктемгі қар еруі кезінде ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған шаралар жалғасады.

Жұлдыз Қабылденова