SuperStar KZ жобасы қайта жанданды. Қазақстан телерадиокорпорациясы еліміз бойынша талантты жастарға кастинг жариялады. Кастинге 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.

Павлодар қаласындағы іріктеу 12 сәуір күні Сұрғанов көшесі, 21 мекенжайындағы «Ертіс» телеарасында өтеді. Кастинг таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жалғасады. Жалпы іріктеу кезеңдері 4 мен 26 сәуір аралығында елдің 9 ірі қаласында ұйымдастырылады. Қатысу офлайн және онлайн форматта қолжетімді.