Павлодар облысында Наурыз мейрамы ойдағыдай өтті. Өңір бойынша ауыр қылмыстар, кісі өліміне әкелген жол апаттары тіркелмеді, деді полиция басқармасында. Жалпы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысында өткен жылмен салыстырғанда қоғамдық орындарда болатын қылмыстың саны азайған. Оның ішінде кісі өлімі, ауыр жарақат келтіру, қоғамдық орындардағы заңбұзушылықтар. Бұл профилактикалық жұмыстардың нәтижесі деп отыр тәртіп сақшылар.
Бұрын сотталғандар, шартты түрде босатылғандарға электронды білезіктер кигізіледі. Осылайша полицейлермен олардың жүріп тұруы қадағаланады.
Күн жылынса қала көшелерінде электросамокат мінгендер қатары артады. Осы ретте, заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Яғни енді самокатқа отырғандарға біраз шектеу қойылады.
Демалыс күндері Павлодарда 1000-нан аса полицей, 200-ден астам ұлттық ұлан сарбаздары патрульдеп, сіз бен біздің тыныштығымызды күзетті. Соның арқасында өңірде Наурыз мейрамы ауыр қылмыстар мен жол апаттарсыз өткен.
Самал Қалиқызы