Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурызнама» онкүндігінің қорытынды күніне орай «Тазару күні» аясында «Taza Sana» эко шарасы өтті. Қатысушылар экология тақырыбына қатысты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді. Барлығы 5 адамнан құралған 6 команда қатысты.
Алдымен жастар өздерін мазалаған ойлар мен жағымсыз сезімдерін қағазға жазып, қызыл жәшікке салды. Ал жаңа параққа өз мақсаттары мен болашаққа деген жақсы ниеттерін жазып, жасыл жәшікке орналастырды. Бұл тәсіл қатысушыларға жаңаша ой қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Сания Мусипова, жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілер бөлімінің басшысы
Таза сана атты шараны өткіздік. Бұл шараның мақсаты қоршаған ортаны қорғау. Жастар арасында экологиялық этикетті қалыптастыру және жастардың белсенділігін арттыру. Жалпы қатысушы саны 30 адам. Қатысушылар Павлодар облысының мектеп оқушылары, жастары. Қатысушылар бір үстелде екі топқа бөлінеді. Бір-бірімен ойнайды. Экология туралы сұрақтарға жауап беріп, үстел ойынын ойнап, жеңімпазды анықтайды.
Шараның негізгі бөлімі экологиялық бағыттағы командалық ойын түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар экология тақырыбына қатысты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді. Олар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық әдеттер туралы білімдерін ортаға салды.
Айлин Акимова, қатысушы
Біздің шарамыз экологияға байланысты. Ол жоғары және жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бізде 3 команда оның ішінде 10 бала. Біздің командамыздың аты Таза world. Мен ерікті болып жүргеніме 3 жыл болды. Бірінші менің жобам бірлік волонтерс деген жобада қатыстым.
Қатысушылар экологиялық бағыттағы жаңа мәліметтер алып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын терең түсінді. «TazaSana» шарасы жастарды біріктірген мазмұнды бастама ретінде есте қалды.
Сабина Жолдаспаева