Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданына барып су тасқыны қаупін бағалады. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге Шұға, Шолақсор, Жаалулы ауылдарында болды.

Биыл қар мол дауып, қалыңдығы 34 сантиметрге дейін жеткен. Аймақ басшысы Жалаулы, Шұға, Шілікті, Шолақсор ауылдарына айрықша назар аударды. Соңғы 2 жылда бұл ауылдарда тасқынға қарсы шаралар легі атқарылған. 200 мың текше мерт су сиятын 3 қазаншұңқыр, 2 траншея салынған. Бөгеттер, су өткізу құбырлары орнатылған.

Сонымен қатар, аймақ ьасшысы Сілеті өзенінінен төнетін қауіпті де бағалап, ондағы жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы биыл көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар аясында облыс бойынша 156 шақырым бөгет нығайтылып, 1,6 млн иекше метр су шығарылған.