Павлодарда тағы бір ерекше рекорд орнатылды. Өткен жылғы дәстүр жалғасып, кимешек киген әжеміздің жанына Қыдыр атамыз жайғасты. Жағдай әлемдік рекордтар кітабына еніп, сертификаты табысталды.

Қыдық Ата қазақтың мифологиялық тарихында ерекше күш иесі, ерекше образ. Осы ретте «Алып Қыдыр ата» және ерлердің ұлттық шапанын насихаттап, әлемдік рекордтар кітабына енгізу мақсатында ауқымды жоба ұйымдастырылды.

 «Қыдыр ата» инсталяциясының биіктігі 5 метр 58 см, 30мм. Ақ шапаны алтын түсті оюлармен көмкерілген. Бір қолында жамандық пен пәле жаладан қорғайтын таяғы да бар.

Қуандық Құдайбергенов, GBR әлемдік рекордтар кітабының бас офицері

Бізге «Қыдыр ата» мифологиялық образының инсталяциясын тіркеу туралы өтініш берілді. Бұл әлемдік рекордтар қатарында этнорекорд бағытына жатады. Оның ішінде инсталяцияның жасалуы әртүрлі болады. Бұл жағдайда мифологиялық этникалық инсталяциялардың ішінде Қыдыр ата ең ірісі, үлкені, биігі. Әлемдік тәжірибеде болмады. Сондықтар әлемдік рекордтар кітабына енеді.

Құрылым 80 мың адамды біріктіріп отырған ірі республикалық «Қазақ аналары дәстүрге жол» қоғамдық ұйымының көмегімен жасалды. Бұл шебер аналардың қол еңбегі мен ұлттық өнерге адалдығының жемісі.

Айта кетейік, 2025 жылы Павлодарда алып кимешек әлемдік рекордтар кітабына енген еді. Кимешектің биіктігі 3 метр 80 см, күміс және металл монеталармен әшекейленген.Бұл қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін бейнелейді.

Самал Қалиқызы