«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында орнитофауна құрамының кеңейгені тіркелді. Яғни, резерват аумағында бұрын Павлодар облысында кездеспеген құстардың төрт түрі алғаш рет анықталған. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Павлодар облысындағы орнитофауна ұзақ уақыт бойы жеткілікті деңгейде зерттелмей келген. Алғашқы жүйелі зерттеулер мұнда 1939 жылы Долгушин экспедициясы барысында жүргізіліп, шамамен 200 құс түрі тіркелген. Кейінгі жылдары бұл деректер үнемі жаңартылып отырды, нәтижесінде 2005 жылға қарай олардың саны 253-ке жетті. Ал 2003 жылы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылғаннан кейін тұрақты ғылыми мониторинг басталып, бұл аумақтың жоғары табиғи құндылығы мен Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек құс түрлері бар екені дәлелденді.

Қанат Егембердиев, «Ертіс орманы» табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы

«Ертіс орманы» резерваты аумағында бүгінде құстардың 90 түрлі құс бар. Бұрын мұнда 53 түр мекендейді деп есептелсе, соның ішінде биыл іздер Ертіс орманы резерватында төрт құс, яғни бұрын кездеспеген құс бар екенін анықтадық. Бұл тарихи жағдай, әлі де Павлодар облысында құстардың саны арта түсетініне нақты қадамдамыз. Бұл құстардың түрлерін айта кететін болсақ, дубонос, азиатский черноглазый чекан, обыкновенный змееяд

Бүгінде «Ертіс орманы» – аймақтағы маңызды табиғи аумақтардың бірі, сондықтан тұрақты ғылыми бақылау жүргізіледі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, мұнда 90 құс түрі тіркелген, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ғалымдардың айтуынша, резерват экожүйесі қарқынды дамып келеді.

Қымбат Садық