Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында «Алаштың ардақтысы» атты тарихи сағат өтті. Кездесуде Әлихан Бөкейхановтың ел тәуелсіздігі мен болашағы жолындағы еңбегі кеңінен сөз болды. Шараға жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты Алаш қозғалысының көрнекті көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметін кеңінен насихаттау. Оның ел тарихындағы орнын жас ұрпаққа түсіндіру. Кездесу барысында қатысушыларға Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңдері мен Алаш Орда үкіметінің қызметі туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Айкен Жұмабекова, Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханасының кітапханашысы
Әлейхан Бөкейхановтың ұстанымдары бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ. Себебі, өзі айтқандай «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден» Бүгінгі бұл сөздер келешек ұрпаққа да жол көрсетіп отыр. Шара барысында оқырмандарға Әлейхан Бөкейхан және Алаш Орда тарихы туралы құнды деректер ұсынылды. Әлейхан Бөкейхановтың мұрасы біздің еліміз үшін өте құнды. Олай айтатын себебім, Әлейхан Бөкейхановтың тұлғасы қазақтың зиялы қауым арасында ерекше орын алады.
Тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен жастар бас қосқан жиында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Шара аясында кітапхана қорындағы сирек кездесетін басылымдардан арнайы көрме ұйымдастырылды. Жастарға арналған тақырыптық бейнематериалдар ұсынылды.
Сабина Жолдаспаева