2016 жылы ашылған «Нұрлы жол» көпірі жөндеуді қажет етіп отыр. «Қазавтожол» жобасы мақұлданса, биыл жөндеу жұмыстары басталады. Ал, салынып жатқан жаңа көпірдің жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1663 шақырымды құрайды, оның ішінде 1636 шақырымы күтіп-ұстауда. Соның 1086 шақырымы мемлекеттік тапсырыс бойынша, ал 549 шақырымы ақылы учаскелерге тиесілі. Жолдардың 1397 шақырымы, яғни (82%) жақсы жағдайда, 220 шақырымы қанағаттанарлық күйде. Осы ретте биыл «Қазавтожол» өңірде бірқатар маңызды жобаларды қолға алмақ. «Нұрлы жол» көпірі де жөнделеді.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» АҚ ПОФ директоры
Қазіргі таңда біз шұңқырды жамау жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Жер кебеді. Оның сомасым 5 млрд. Плиталар жөндеу керек. Сондай жұмыстар жоспароап отырмыз.
2025 жылы орташа жөндеумен жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайтын алты жоба қамтылды. 2026 жылы ұзындығы 105,5 шақырым болатын үш жоба іске асырылмақ. Олардың ішінде «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 22 шақырымдық учаскесі бар, онда инертті материалдар толық дайындалған. Жұмыстар 2026 жылдың сәуір айынан жалғасады. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары «Қалқаман – Баянаул – Үміткер – Ботақара» және «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автожолдарында жүргізіледі.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» АҚ ПОФ директоры
Ол жағдай қараша айында болды. Қазіргі таңда енді мамандарды шақыртып, тексерттік. Бүгінгі таңда дайындап жатырмынз. Сотқа қағаздары бар. Сәуір айында шешім шығады.
Күрделі жөндеу жұмыстары «Атамекен – Ертіс – Русская поляна» автожолының 24 шақырымдық учаскесінде жүргізілуде. Жобаны «СЕрВИС НС» ЖШС жүзеге асырады. Өткен жылы ұзындығы 6 шақырымдық уақытша айналма жол салынды, төрт су өткізу құбыры орнатылды, 35 мың текше метр көлемінде жер төсемі төселді. Сондай-ақ қажетті материалдар – қиыршықтас қоспасы мен темірбетон бұйымдары дайындалды.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» АҚ ПОФ директоры
Бізде жалпы 92 су өткізетін құбыр бар. алдын тазалап, дайындалдық. Қазіргі уақытқа су келгені қар ерігені Баянауылда болды. Әрбір құбыр бақылауда. Алдын ала құм, тас дайындаймыз. Қарап отырамыз.
Өңірде Ертіс өзені арқылы көпір құрылысы жалғасуда. Құрылыс алаңында 86 бірлік арнайы техника мен 288 адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта 252 метрлік өткел құрылымы салынды, жер төсемі мен жағалық тіректердің еңістерін жасау жұмыстары атқарылды. 2026 жылы 506 метрлік өткел құрылымын және 2 шақырымнан астам автожолды салу жоспарланған.
Самал Қалиқызы