Павлодар облысының бас полицейі Василий Скляр Ақсу қаласында азаматтарды қабылдады. Генерал майордың алдына тұрғындар қылмыстық істердің тергелуінен бастап интернет алаяқтық бойынша сұрақтарымен келді.

Василий Смолин Ақсу қаласына қарасты Достық ауылының тұрғыны. Өткен жылы ұлы мінген мотоцикл көлігі полицейлермен тоқтатылып, айыппұл тұрағына қамалған еді. Көлікті тіркеу сұрағы сонымен шешілмеді. Мотоциклдің қозғалтқыш көлемін нақты анықтау мақсатында құжаттарды Астанаға апару керек екен. Осы ретте азамат Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың қабылдауына келіпті.

Василий Скляр, Павлодар облысы ПД бастығы

Біздің қызметкер көлік пен құжатты бермесе заң аясында дұрыс болады. Бірақ сіздің жағдайыңызға қарап қолхатпен береді. Сіз ол көлікті әкетіп, бұзып тастамайсыз ғой. Сондықтан жауапкершілік сізде.

Осылайша қабылдауға келген азаматтың сұрағы оң шешілді.

Василий Смолин, достық ауылының тұрғыны

мотоциклді тіркеу бойынша сұрағыммен келгенмін. Осыдан бернеше жыл бұрын нөмірлерсіз, тіркеусіз жүріп оны айыппұл тұрағына қамаған еді. Сол сұрақты шешу үшін арнайы Василий ВАсильевичке келдім. Сұрағым ое жағынан шешілді.

Жалпы Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың қабылдауына 30-ға жуық адам жазылған. Сұрақтар мен өтініштер әртүрлі.

Жанар Белялова, Павлодар облысы Пд ресми өкілі

Бүгін Ақсу қаласында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады. Яғни кез келген тұрғын өзінің мәселесімен келуге мүмкіндік алды. Осы уақытқа 10 шақты адам келді. Сұрақтар әртүрлі. Қылмыстық істердің тергелуі, ішкі істер саласына жұмысқа орналасу, қаруды, көлікті қайта тіркеу бойынша өтініштер болды. Кей сұрақтар департамент бастығымен сол жерде шешіліп отырды.

Айта кетейік, полиция департаменті бастығының азаматтарды қабылдауы Екібастұзда, кейін Павлодарда жалғасады. Сонымен қатар, аталмыш қабылдаулар аудандарда да жүргізіледі.

Самал Қалиқызы