Қоғамда жастардың қатысумен түрлі қылмыстар мен ауыр жағдайлар саны азаймай тұр. Бұл ретте жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кез келген іске жауапкершілік барын түсіндіру маңызды.
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «заң және әділдік» тақырыбымен жастар бастамаларын дамыту орталығында онлайн дискуссия алаңы өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң мен әділдік мағыналарын тереңнен түсіндіру, әр істеген нәрсеге жауапкершіліктің барын жеткізу.
Пікірталасқа онлайн түрде 1000 жуық жастар қатысты. Олар облыстың қала аудандарынан болды. Қатысушыларға 5 спикер баяндама оқыды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамда өзекті деген мәселелерді көтерді.
Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы
Жасөспірім, жастар ғана қандай да бір іске жауапкершілігін сезінбеуі керек. Сондай ақ, ересектер, қоғам, ата аналар, педагогтер де «Заң және тәртіпті сақтаудың жастардың өмірінде дұрыс құндылықтарды сақтауға септігін тигізетінін түсіну керек.
Онлайн дискуссия алаңында ортаға сұрақтар тасталды, қатысушылар оған жан жақты пікір білдіріп, ойларымен бөлісті.
Самал Қалиқызы