Көктем келісімен жауын-шашын мен еріген қар жолдарды лайға айналдырады. Мұндай кезде көліктердің мемлекеттік нөмірлері ластанып, оқылмай қалуы жиі кездеседі. Алайда нөмірдің көрінбеуі – заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.
Сондықтан мамандар жүргізушілерге көлік нөмірінің тазалығын үнемі бақылауда ұстауды ескертеді. Бұл тек айыппұлдан сақтану үшін емес, ең алдымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Таза нөмір құқық қорғау органдарына көлікті жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Дархан Мақажанов, Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы
Егер де көліктің нөмрі көрінбесе, оған әкімшілік хаттама толытырылады. 590 баптың 1 тармағына байланысты 5 МРП айыппұл болады.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің тұрақты міндеті. Сондықтан көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таза күйде ұстау – қауіпсіздік пен тәртіптің маңызды талабы.
Сабина Жолдаспаева