Павлодар облысының әкімігі мен қытайлық Snow Valley Agricultural Group Co. Ltd компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Азияға танылған компания картоп өндірісінің толық цикліне маманданған.

Компания картоп өндірісіне қатысты барлық технологияларды игерген. Сұрыптау мен өсіруден бастап терең өңдеуге дейін. Соның ішінде мұздату технологиясын қолдана отырып фри картобын өндіруді де қамтиды. Әлі де озық шешімдерді, соның ішінде импульстік электр өрісі жүйелерін белсенді түрде енгізуде. Бұл технология өнім сапасын арттыруға, майды аз тұтынуға мүмкіндік береді. Snow Valley өнімдері әлемнің 40-тан астам еліне экспортталады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Жалпы негізі ауыл шаруашылығы барлық тіршіліктің, бизнестің арасында ауыр деп саналады. Бір жағынан берекесі, елге, жерге деген шапағаты бөлек. Сондықтан, дамытуға ееркше мән берілетін салалардың бірі. Сондықтан, мырзалардың уақытын бөліп келіп жатқанынан ризамын. Әрине, бірқатар сұрақтар бар. Мемлекеттен берілетін жеңілдіктер инвесторларды қызықтырады. Кейбір салықтан босату қарастырылған. Мемлекеттік субсидия немесе дотация бойынша алынатын қаражат бұның бәрін біз түсінеміз. Заңға әйкес барлығы жасалады. Барлығы инвестицияның көлеміне байланысты. Ірі инвестициялық жобалар болса біздің деңгейде ғана емес, Үкімет деңгейінде келістіре аламыз.

Құжатқа Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, топ төрағасы Ван Дэншэ және компания басшысы Чжан Фань қол қойды. Жасалған меморандум аясында жылына 100 мыңнан 200 мың тоннаға дейін картопты терең өңдейтін заманауи кешен құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Өндіріс жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағытталады.