Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 100-ге жуық жұмыс іздеуші келді. 40-қа жуық мекеме қатысып, 600 вакансия ұсынылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Жәрмеңкенің мақсаты 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға жұмыс табуға қолдау көрсету. Оның ішінде мектеп және колледж түлектері, жоғары оқу орындарының студенттері мен жұмыссыз жастар қамтылды.
Бекзат Жеңіс, студент
Оның алдында бір-екі рет келген болатынмын. Өзім спортсмен болған соң, спорт саласында жұмыс іздеп жүрмін. Өз лауазыммен кеткім келеді. Осы жылы бітіремін. Сондықтан вакансияларды қарастырып жүрмін. Өзім СОБРға барамын деген мақсат қойдым. Соған әрекет жасап жатырмын.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға кең көлемде ақпарат берілді. Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жеке кеңес өткізіп, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді түсіндірді.
Жансұлу Айтжан, Павлодар қаласы жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы
500-ден астам вакансия ұсынылды, 100-ге жуық адамдар жұмысқа орналысты. 500-ден астам адам келді бірінші жәрмеңкеге. Ал бұл екінші жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс берушілер келді, 600-ден астам бос орындар ұсынылды. 100-ге жуық адамдар келіп жатыр.
Шараға түрлі мекеме мен кәсіпорын өкілдері қатысып, жастармен тікелей кездесті. Олар нақты жұмыс орындарын ұсынып, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы айтты. Бұл жас мамандарға өз саласы бойынша алғашқы тәжірибе жинауға жол ашады.
Айгүл Әлімбаева, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Шара мемлекеттік органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. азаматтар осы жерді кеңес алып, конкурстың іріктеу тәәртібімен танысады. Шараның негізгі мақсаты білікті мамандарды тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру.
Мұндай жәрмеңкелер жастар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, болашақ мамандардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектеседі. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Сабина Жолдаспаева