Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері көшедегі адамға көмектесеміз деп, жарақат ала жаздады. Оқиға Назарбаев көшесіндегі үйдің ауласында болды. Оқиға орнына полицейлер шақыртылып, қылмыстық іс қозғалды.
Медицина қызметкерлері ер адамға көмек көрсетпек болған кезде, ол агрессия танытып, бригадаға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен және оларға тап берген.
Асқар Ғазизов, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясының баспасөз хатшысы
Оқиға Назарбаев көшесіндегі №89 үйдің ауласында болды. Жедел жәрдем пультіне өтіп бара жатқан адамнан көшеде белгісіз ер азаматтың жерде жатқаны туралы шақырту түскен. 9 минуттан кейін медициналық мамандар сол жерге жетті. Бірақ ер адам мамандарға агрессивті түрде теріс қылық көрсетті. Пышақ алып шығып, оларды қорқыта бастады. Жүргізушіні ұрған. Белгісіз ер адам сындырып, көліктен медициналық қобдишаны лақтырып, кейін реанимобиль салонына кіріп, медициналық препараттар салынған ампулаларды сындырған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазды.
Айта кетейік, жедел жәрдем қызметкерлеріне, дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғалары біздің өңірде жиі кездеспейді. Бұл соңғы бір жылдағы 3-ші жағдай деді облыстық станцияда.
Самал Қалиқызы