Облыс әкімі Екібастұзға барды. Онда инклюзивті балабақшаның құрылысымен, саябақтың абаттандыру жұмысымен танысты. Одан бөлек, 5 қабатты тұрғын үйдің салыну барысын да өз көзімен көрді. 


Алғашқы нысан 31-ші шағын аудандағы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан 140 орындық инклюзивті балабақша болды. Қазіргі таңда нысанда сыртқы инженерлік желілерді тарту, терезелерді орнату және ішкі жылу жүйесін монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Қазір шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.Өңір басшысы барлық балалар үшін қолжетімді орта қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Одан кейін облыс әкімі Екібастұздағы ең ірі абаттандыру жобаларының бірі саналатын «Шахтер» қалалық саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Жалпы парктің бір бөлігін тапсырып жатырмыз. Соңғы маусым айында аяқталды. Соңғы элементтері қалды. адамдар келіп демалатын болады. Екі кезеңге бөлдік. Екінші кезеңді қыркүйекте деп ойлағанбыз, амандық болса тамызда тапсырамыз. Бірақ күзде ағаштар отырғызатын боламыз. 

Қазіргі уақытта мұнда құрғақ субұрқаққа арналған жабдықтарды орнату, автоматтандырылған суару жүйесін жүргізу, инженерлік желілер тарту, шағын сәулеттік нысандар орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі 

Жалпы паркте жұмыстарды жүргізу кезінде барлық ауру ағаштарды алып тастадық. 170-тен астам ағаш. 500-ден астам кустарникті алып тастады. Бұл жерді толығымен зерттеу жасадық. Ғылыми топпен сәйкес. 

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы 9-шы шағын ауданда салынып жатқан бес қабатты екі тұрғын үйдің құрылыс алаңында да болды. Құрылыс аяқталғаннан кейін 120 отбасы жаңа баспанаға қоныстанады.

Қазіргі таңда екі тұрғын үйде де ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық жобалардағы жұмыстардың белгіленген кестеге сай орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жоспарланған мерзімдерден кешігуге жол бермеуді тапсырды.

Самал Қалиқызы