Елімізде медицина саласы цифрландырылып келеді. Жылдан жылға өзгерістер енгізілуде. Жасанды интеллект аясында радиологиялық зерттеулер де енді орталықтандырылатын болады.  

Облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдар заманауи медициналық ақпараттық жүйелерді пайдаланып жұмыс істейді. Цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі – қашықтан медициналық қызмет көрсетуді дамыту. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Павлодар облысында 784 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілсе, оның 82мыңы қашықтан ұсынылған.  

Тоғжан Ғабдулғазизова, Ақсу қаласы емханасы басшысының орынбасары

Бірінші күні келді науқас. Бірінші күні медициналық көмек қашықтықтан көрсетілмейді. келесі жолы ғана қашықтықтан көмек көрсетіледі. Екінші кезек, психологтар, әлеуметтік қызметкерлерге рұқсат етілген. Дамумедте протокол жазады. 

Өңірдегі медициналық ұйымдардың басым бөлігі DamuMed медициналық ақпараттық жүйесін қолданады. Мобильді қосымша арқылы тұрғындар дәрігердің қабылдауына жазыла алады, дәрігерді үйге шақырады, зертханалық талдау нәтижелерін, электрондық рецепттерді, жолдамаларды және өзінің электрондық медициналық картасындағы мәліметтерді қарай алады.

Тоғжан Ғабдулғазизова, Ақсу қаласы емханасы басшысының орынбасары

Келесі бағыт. 9 медициналық анықтамалар жүзеге асырылған. 075, 027, 073 анықтамалар, қару алуға рұқсат алу анықтамасы болып табылады. 

Облыста жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. Биылғы қыркүйек айында жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске қосылады. Бұл дәрігерлерге компьютерлік томография, маммография, рентген және басқа да зерттеулердің нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді. 

Тоғжан Ғабдулғазизова, Ақсу қаласы емханасы басшысының орынбасары

Бізде пак система деген бар. Бұл үлкен жүйе болып табылады. науқастың анықтамалары бір жүйеге салынады. Бұл бір базада толтырылып тұрады. Жоспарға қойылып отыр. 

Денсаулық сақтау саласының жекелеген бағыттарында арнайы цифрлық ақпараттық жүйелер пайдаланылады. Мәселен, облыстық Қан орталығы InfoDonor жүйесінде жұмыс істейді, жедел медициналық жәрдем қызметі KOMEK жүйесін қолданады.  


Самал Қалиқызы