Салқын су іздеп шыққан демалыс кейбір отбасылар үшін орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы су айдындарында 6 адамның өмірі қиылды. Қайтыс болғандардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар өңірде 200-ден астам рейд өткізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Облыс аумағында су жағасында жаппай демалуға арналған 45 орын белгіленген. Оның 29-ы – коммуналдық, 16-сы – жеке жағажай. Алайда биыл түрлі себептерге байланысты олардың 11-і жұмыс істемейді. Түскен өтініштер негізінде 36 жағажайдың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілген.
Тілекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы
1 шілдеден бастап ҚР көлік министрілінің шағын кемелерін басқару бойынша Қазақстан республикасының тжд министрлігіне құзреттілігі беріліп отыр. Алдағы уақытта рейдттік жұмыстар басталады қылмыфстық іс қозғалып отыр.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жыл басынан бері облыстың су айдындарында 19 адам құтқарылды. Оның ішінде кәмелетке толмаған үш бала бар.
Соған қарамастан, шомылу маусымы басталғалы облыста суда адам өлімінің 6 дерегі тіркелді. Оның ішінде екі бала бар. Құтқарушылар тұрғындарды тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Дильназ Қуанышбекқызы