Павлодарда «Ертіс толқыны» жобасы жалғасын тауып келеді. БҰл жолы Астана күніне орайластырылды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірнеше алаң жұмыс жасады.
Ертіс толқыны жобасы Павлодар қаласында біраз уақыт бойы жүзеге асып келеді. Осы жолы орталық жағалауда бірнеше локация ұйымдастырылды. Онда жергілікті қолөнершілер үшін арбатта көрме, спортшылар үшін арқан тарту мен армрестлингтен жарыс өтті. Ал, кішкентай балақайлар сурет салды.
Айша Хамзаева, креативті жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысының М.А.
Бүгін мерекелік шарада 15 өнерпаз өнер көрсетеді. Онда ән шырқаймын деп ниет білдірген кез келген қала тұрғыны сахнаға шыға алады. Патриоттық әндер шырқалады.
Айта кетейік, «Ертіс толқыны» шарасы Астана күніне орайластырылды. Бұл ретте өңір тұрғындары ізгі ниеттерін білдіріп, отандастарын мерекемен құттықтап жатты.
Бақберген Болатаев, қала тұрғыны
Елімізде бүгін той болып жатыр. Мен барлық павлодарлықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Біздің елордамызщ көркейе берсін, дами берсін. Мен осындай әдемі, еркін, дамыған елде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Қазақстан теқ қана алға
Ертіс толқыны жобасы жылдан жылға ауқымын кеңейтіп, тұрғындар асыға күтетін шараға айналып келеді.
Самал Қалиқызы