Жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл ретте зиялы қауым өкілдері де жаңа заңнамалық өзгерістердің тарихи маңызы мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіне жоғары баға беріп отыр.
Негізгі заңға енгізілген жаңашылдықтар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған. Реформаның ауқымы кең, сондықтан филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамет Тұрышев өзгерістердің ел дамуына оң әсер ететініне сенімді.
Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор
«Преамбуласында «Ұлы Дала» туралы айтылды ғой. «Ұлы Дала» мемлекеттілігінің, соның ара қаратай дамуы, Қазақстан аяғымызға тік қойып, мәңгілік ел ретінде өзіміздің ұрпақтар соны ары қаратай жалғастырып жатыр. Ол Конституция жаңа серпіліс әкеледі. Конституция үлкен-үлкен экономика жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын қозғайды. Сондықтан Конституцияның әрбір баптары өте ойландырып, комиссия жұмыс жасады бірнеше ай. Сондықтан Конституцияға алып қосарым жоқ, жалпы халық үшін, ел үшін, игілік үшін бұл Конституция жұмыс жасайды деп мен есептеймін.»
Жаңа Конституция аясында мемлекеттік басқару жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Елеулі жаңалықтардың бірі – қос палаталы Парламент қызметінің тоқтатылып, заң шығарушы орган ретінде Құрылтайдың құрылуы.
Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор
«Енді Құрылтайға да аяқ астынан келген жоқпыз ғой – оның алдында бес қалада Құрылтай өткен. Ол құрылтайдың әбден тәжірибесі бар – қалай өтуі керек, қалай сөйлеу керек, кімдер айтылуы керек, кімдер қабылдануы керек. Жалпы Құрылтайдың көз алдымызда моделі бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жолы сөзінде де айтты ғой, үміткерлердің жақсы, халық алдына шығып жүрген, беделді адамдар неғұрлым жаңағы үміткерлер делегат болуы керек деп. Мен де солай деп есептеймін. Халық қалаулылары дегеннен кейін, әрине, халықтың мұңын, біздің жағдайымызды айта білетін адамдар болуы керек деп мен есептеймін. Сондықтан неғұрлым сауатты, заңды білетін, жан-жақты, білімді адамдар барса, құба-құп.»
Осылайша, жаңарған Ата заң ел дамуындағы келесі кезеңге өтіп, заман талабына бейімделуді көздейді.
Жұлдыз Қабылденова