Павлодар облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдана бастады. Жалпы бұл жобаға кімдер қатыса алады, шарттары қандай? Алдағы материалда. 


«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама бо¬йынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сон¬дай-ақ техниканы лизингке рәсімдеу¬ге болады. 

Әнел Биарстанова, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы

Осы жылы павлодар облысына 3 млрд теңге қарастырылған.Оған жеке кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы кооперативтері өтініш бере алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңна¬ма бойынша айқындалады. 

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу үшін кепілзаттың болуы міндетті. Сондай-ақ өтінім беру үшін Amanat Nesie порталына тіркеліп, жеке кабинет ашу қажет.

Әнел Биарстанова, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы

2025 жылы Павлодар облысы бойынша 2 млдрд теңгеге 143 микро несие берілген. Микронесиені алу үшін кредитік тарихы жақсы болу керек. Және де тоқсан күннен проссрочка болмау керек. 

Сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банк¬тен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған. Өтінімдерді қабылдау жыл соңына дейін жалғасады.

Дильназ Қуанышбекқызы