Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өз жұмысында біраз жылдар бойы цифрлық технологиялар енгізіп келеді. Жаңа жүйе сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Толығырақ тілші сюжетінде. 

Соңғы кезде медициналық қызметкерлерге шабуыл жасау фактілері жиіледі. Жыл басынан жедел жәрдем мамандарына қол көтеріп, көліктегі мүлікті сындырудың бір жағдайы анықталды. Сондықтан 2025 жылдың тамызынан елімізде жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетондармен қамтылды.  

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Бізде тәулік бойы 70 бригада жұмыс істейді. Олардың бәрі осы бейнежетондармен қамтылған. Өткен жылғы 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін 3 жағдай тіркелді. Олардың екеуінде полицейге өтініш жаздық, онда медициналық қызметкерлерді балағаттау фактілері тіркелді. Сот аяқталды, азаматтар жауапкершілікке тартылды. Бұл жетондағы бейнелер ешқайда жіберілмейтінін, таратылмайтынын айтайын. Олар бізде жүйеде қажетті уақытқа дейін сақталады. 

2020 жылғы ковид кезінде жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны өте көп болды. Көмек сұрап, кеңес сұрап хабарласқандар қатары артты. Сол кезде жүктемені азайту мақсатында облыстық жедел жәрдем қызметіне телеграм бот жүйесі енгізілді. 

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Пациентке 103-ке хабарласу міндетті емес. Ол қарапайым сұрақтар көмегімен, өзінің шағымын, мекенжайын қалдыра алады. Қоңырау үлкен экранға шығады, диспетчер көріп, оны бригада жібереді. Жүйе құлағы естімейтін немесе сөйлей алмайтын азаматтарға медициналық көмек алуға жақсы мүмкіндік. Тәулігіне 7-8 шақырту жүзеге асады. 

Ал, бұл электрокардиограмма нәтижелерін қашықтан орталыққа, дәрігерге жіберуге мүмкіндік беретін құрылғы. Диагностика мен емдеуді уақытылы, сапалы жүргізуде нәтиже беріп отыр.   

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Миакард инфарктісі, жүрек ритмінің қауіпті бұзылуыларында электркардиографф қолданылады. Бұл пациенттерге үйінде жатып ақ, қашықтан ЭКГ жасап, емдеу тәсілін анықтауға, науқасты қалай тасымалдау әдістерін білуге көмектеседі. Ондағы ақпараттар дәрігердің пультіне тікелей түседі. 

Сонымен қатар, облыстық станцияның инженерлері жедел жәрдем көліктеріне GPS орнатқан. Бұл арнайы көліктердің қай жерде, қандай жылдамдықпен жүргенін, шақыртуға қанша уақытта жеткендерін қадағалайды. Жылдамдықты асырған жағдайларды назарға алады. Бұдан бөлек, дәрі дәрмектерді тиімді пайдалану мақсатында станцияда енді препараттар таңбаланады екен. 

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Тауар СК фармациядан бізге таңбаланып келеді. ПРовизорлар қабылдап алады, балансқа алады. Әр бригаданың қажеттілігі бойынша ақпараттық жүйеге енгізіледі, шығынға байланысты бригадаларға беріледі. Бұл препараттарды тиімді әрі үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді. ПРовизор қай бригада қайда барды, онда қанда йпрепарат қолданылды бәрін қарай алады. 

Айта кетейік, жаз уақытында, әсіресе демалыс күндері жедел жәрдем шақыратындар қатары 30 пайызы артып, қоңыраулар саны 800-ден асып кетеді екен. Жүктеме артқандықтан, Павлодарда тағы бір жедел жәрдем станциясын салу көзделіп отыр. 


Самал Қалиқызы