Павлодарда жасөспірімдерге арналған екі апталық жазғы курс басталды. Онда қатысушыларға жасанды интеллект сервистерін көшіріп жазу құралы ретінде емес, білім алу мен шығармашылыққа көмектесетін тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары үйретілуде. Жалғасы сюжетте.
Қазіргі уақытта курсқа 20 оқушы қатысып жатыр. Сабақ барысында олар нейрожелілерге дұрыс сұраныс беруді, қажетті нәтижеге қол жеткізуді, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен презентация, сурет және бейнеролик жасауды меңгеруде.
Ихсан Нұрбол, курс оқытушысы, II курс студенті
Бізде негізі балалар жасанды интелектпен видео, фото жасауды үйренеді. Бірінші күнде негізгі текстпен жүмыс істеді үйренді. Екінші күні презентациямен жұмыс істеуді үйренді. Үшінші күні видеомен жұмыс істеуді, ал бесінші алтыншы күндері олар практикалық жұмысты өтеді.
Курс жетекшісінің өзі – колледждің екінші курс студенті. Ол жасанды интеллект көмегімен бейнеконтент әзірлеумен айналысады және оқу орнының көптеген бейнероликтерінің авторы. Мектеп оқушыларымен алғаш рет жұмыс істегеніне қарамастан, олардың қызығушылығын оятып, ортақ тіл таба білген.
Ихсан Нұрбол, курс оқытушысы, II курс студенті
Мен 2 курс студентімін, мені сабақ беруші етіп тандаған себебі мен юмти командасында қатысамын. Мен сол командасында монтажермын. Сондықтан мені сабақ беру үшін шақырды.
курс қатысушылары мұнда болашақ мамандығына қарамастан кез келген салада қажет болатын заманауи цифрлық дағдыларды меңгеріп жатыр.
Толғанай Қабдірова, №33 ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы
Мен бұл курс туралы инстраграм желісінен көрген едім. Осы екі апта ішінде көптеген қызықты жаңалықтарды үйрендім. Қазіргі таңда жасанды интелект дамып келе жатқан соң, осы бағыт көбінесе жол ашады болашаққа, предложениелер өте көп және қол жетімді. Менің ойымша қазіргі көптеген жастар ютуб желісіне түрлі видео жасап салады және сол арқылы табыс таба алады.
Жасанды интеллект технологияларын дұрыс пайдалану – бүгінгі оқушылар үшін маңызды дағдылардың бірі. Мұндай курстар жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашақ мамандықтарына қажетті тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Дильназ Қуанышбекқызы