Павлодарлық жүргізушілердің көліктері қала ауасын қаншалықты ластап жатыр? Өңірдегі Экология департаментінің мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, дизельді автокөліктердің түтіндеу деңгейін тексеру мақсатында арнайы рейд өткізді. Бұл жолғы тексеріс нәтижесі көңіл көншіте ме? Рейд барысында қанша автокөлік тексеріледі? Тілшіміз тарқатады.
Облыс орталығындағы автокөлік көптеп жүретін ірі жолдардың бірінде экологтар мен тәртіп сақшылары бірлескен тексеріс жүргізді. Шараның басты мақсаты атмосфераға рұқсат етілген нормадан тыс зиянды заттар шығаратын, техникалық ақауы бар көлік құралдарын анықтау болды.
Алина Қайыргелді, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің бас маманы
«Дизельді автомобильдерді өлшейміз. Олардың уыттылығын тексереміз. Арнайы протоколдар жазып, оларды ары қарай полиция департаментіне тапсырамыз. Автокөліктерден кейбір кезде шектелген рауалы концентрациядан асып кетуі болатыны рас, иә, бірақ біз оларды көрген сайын департамент полицияға береміз, олар шара қабылдайды. Осы локацияның таңдауымыз, өйткені бұл жерде көбінесе ұлкен автомобильдер өтеді, яғни камаз сияқты, сондықтан біз осы жерді таңдадық.»
Тексеріс кезінде мамандар көліктің техникалық ерекшеліктерін ескереді. Арнайы құрылғылары арқылы қажет көрсеткішті өлшеп, стандарттарға сай нормамен салыстырады.
Алина Қайыргелді, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің бас маманы
«Бізде мета-01Мп деген құрылғы бар арнайы сертификацияланған, проверкадан өткен арнайы құрылғы. Сол арқылы біз өлшемдер жүргеміз. Және бізде СТ РК 1433 2023 деген стандарт бар, арнайы норматив стандарты. Сол арқылы біз жұмыс жасайтын боламыз.»
Көліктің техникалық тұрғыдан дұрыс болуы жол қауіпсіздігі үшін ғана емес, ауаның тазалығы үшін де маңызды. Сол себепті осындай экологиялық шаралар тоқсан сайын ұйымдастырылып, әр рейд барысында кемінде 10-15 автокөлік тексеруден өтеді. Жиналған мәліметтер аймақтың экологиялық ахуалын бағамдауға және жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бағалауға негіз болады.
Жұлдыз Қабылденова