Баянауыл Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту нәтижесінде Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы ашылды. Бұдан бөлек,аудан орталығында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Тақырыпты олығырақ шараға қатысып қайтқан әрпітесім жалғастырады. 


Баянауыл еліміздің жетекші туристік бағыттарының бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайтып келеді. Туристік инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту нәтижесінде биыл курорттық аймақ бір маусымда 300 мыңға жуық туристі қабылдайды деп күтілуде.Осы жұмыстар аясында жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі – Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығының ашылуы өтті. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Аталған нысан жай ғана сәулетті ғимарат немесе қонақтарға табиғаттың крөкемдігін таныстыратын орын емес. Бұл Баянауылымыздың сан ғасырлық тарихын, ұлы тұлғаларымыздың өнегесі мен ұлттық құндылықтарымызды бір арнаға тоғыстыратын рухани зерделі шаңырақ. Сондықтан сапар ордасы кіндік тамған топырағымыздың өткені мен бүгінгі күннің алтын көпірі. 

740 шаршы метр аумақты алып жатқан жаңа визит-орталық туристерге жан-жақты қызмет көрсетуге бейімделген. Мұнда цифрлық туристік маршруттар көрсетілетін интерактивті алаң, музей бөлімі, конференция өткізуге арналған зал, коворкинг кеңістігі, көпфункциялы кітапхана, кофехана, ана мен балаға арналған арнайы бөлмелер, сондай-ақ келушілердің тынығуына қолайлы аймақтар жұмыс істейді. Орталықтың ерекшелігі –жасанды интеллектке негізделген мультимедиялық жүйелердің көмегімен туристер Баянауыл өңірінің табиғи байлығы, тарихи орындары мен мәдени құндылықтары туралы мәліметтерді қызықты әрі интерактивті түрде ала алады.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

300 мыңға жуық турист еліп отырады, бұл сырттан-іштен келетін. Бұл әр келген азамат үшін маңызды орны болады деп санаймыз. Себебі, атауының өзі «Сарырақаның сыры» деп түр. Неге бұл атауды қойғандығын әрбір келеген тыңдарман танып кете алатындай жағдай жасалған. Мұндай орталықтар елдің түрлі облыстарында бар. Бұл орталық туристік аймақ үшін қте маңызды, атқаратын рөлі жоғары деп санаймыз. 

Қымбат Садық, тілші

Визит-орталықтағы үлкен зал заманауи технологиямен толық жабдықталған. Мәселен, соның ерекшелігі мынадай бір карта. Бұл картада Баянауылдың тұлғалары, ауылдары, тіпті археологиясы мен таулары туралы мол ақпарат беріледі. Және бір ерекшелігі, дәл жанына жақындаған кезде сіз төбеңізден Баянауылдың құстарының үнін естіп, ерекше сезімге бөлене аласыз. 

«Көне көктау оттары» кітабы жарық көрді

Сонымен қатар, мұнда белгілі өлкетанушы, туризм саласының үздігі, «Елім-ай» сыйлығының лауреаты Алтынбек Құрмановтың «Көне Көктау оттары» атты жаңа кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Автор ширек ғасырға жуық уақыт бойы мұрағат деректерін саралап, тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеумен және ел аузындағы құнды естеліктерді жинаумен айналысып келеді.

Алтынбек Құрманов, өлкетанушы, «Көне көктау оттары» кітабының авторы

Бұл дүниелердің барлығы қайдан келді ?Көісі Мәшһүр Жүсіп атамыздыкі.Сол кісінің шәкірттерінің ішіндегі бірегейі Мәненұлы Иманғали деген ақсақал болды, атамнң інісі едә, мен сол кісінің тәрбиесін көріп өстім. Сосын қазақ археологиясының атасы, сегіз ғылымды қатар алып жүрген Әлкей Марғұлан әжеміздің бауыры еді, сол кісінің тәрбиесін көріп өстік, сол санамызда қалды. 

Бес бөлімнен тұратын еңбекте өңірдің шежіресі жан-жақты баяндалып, сирек кездесетін деректер топтастырылғал. Кітап 500 данамен жарық көріп, өлкетану саласындағы көп жылғы ізденістің қорытындысына айналды.

Нескен Мәлікова, Баянауыл ауданының құрметті азаматы

Осы кітаптың тұсаукесері мені қатты толғандырып тұр. Өйткені мұны жазып шығудың өзі көне Баян өдкесінің тарихын, соның сырын дүниеге келтіріп, кітапты шығарып отырған, осы туризмнің, Баян өлкесінің жанашыры Алтынбек Құрманүлы. Оның еңбегі өлшеусіз, ол кісі кешегі 18-19 ғасырдан бастап кітабын шығарған жоқ, барлығын газет беттеріне шығарып, оқып жүрдік. Сол еңбекті жинақтап, қомақты кітап жасап отыруы ол кісінің төккен еңбегі деймін.


«Bayanaul fest» кеші өтті

Сондай-ақ, Баянауылға кіреберіс аумақта бой көтерген жаңа стела да таныстырылды. Биіктігі 30 метр болатын сәулет нысаны салт аттының бейнесі, қазақы ою-өрнектер мен киіз үй керегесінің элементтері үйлесім тапқан заманауи дизайнмен безендірілген. Стеланың маңына табиғи тастан қашалып жасалған Bayanaul жазуы орнатылған. Айта кетейік, өткен жылы Баянауылға 270 мың турист келді. Ішкі туризм көрсеткіші 27%-ға, ал сырттан келу туризмі 25%-ға артқан. 

Сақтапберген Мақсұтов, турист 

Мен Павлодар облсына чисто демалуға келемін.Өйткені, табиғаты көрікті өлкелердің бірі де бірегейі. Қазақстанның азаматтары Швейцарияға барып жатыр.Мына Баянауылдың Сабындыкөлі,Жасыбайы Швейцаряидан кем емес

Назгүл Қожа, турист 

Біз жолдасымызбен көп жерге бардық Қазақстан бойынша. Алакөл. Жетісу облысы. Іленің ойында, Түргенге бардық. Енді мына даланың көрінісі, бұлттар әсерлі болып жатыр, ауа райы ұнап жатыр. 

Аудандағы ауқымды шара соңы Сабындыкөл жағасында өткен «Bayanaul FEST» фестивалімен түйінделді. Сахнада Қуандық Рахым, Жұбаныш Жексенұлы, KeshYou тобы, Нұрболат Абдуллин және Kalifarniya өнер көрсетті. Кеш соңы отшашуға ұласты. 


Қымбат Садық