Облыста жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы қол қойған амнистия туралы заң іске асуда. Біреулер үшін бұл– жаза мерзімінің қысқаруы болса, енді біреулер үшін – үйіне оралып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік. Толығырақ – алдағы сюжетте. 


Жауапты мамандар тиісті материалдарды зерттеп, олардың заңнамалық талаптарға сай келуін қадағалап, құжаттарды әзірлейді. Бұл амнистия түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғандарға да қатысты болды.

Конституциялық реформалар аясында әділдік пен адам ның қадір-қасиетіне жоғары мән берілді. Сол себепті амнистия қылмысты кешіре салу емес, заң бұзған, бірақ қоғамға үлкен қаупі жоқ азаматтардың әлеуметтік ортаға қайта сіңісуіне мүмкіндік беру болмақ.

Анар Уәлиева, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы

«Рақымшылық заңы көптеген бапты қамтиды. мәселен, ұрлыққа байланысты қылмыстар, сондай-ақ есікрткі қылмыстары туралы 297-баптың 1,2,3-бөліктері де ілігеді. Бұл есірткі туралы бап негізі «ауыр қылмыс» болып саналса да, бұл жолы ол бойынша сотталғандарға да мүмкіндік беріліп жатыр.»

Рақымшылық шарасын қолдану тәртібі қылмыстың ауырлық деңгейі мен келтірілген залалдың өтелуіне байланысты. Осыған орай, жазасын өтеушілердің бір бөлігі бостандыққа шығып, екінші бөлігінің жаза мерзімі қысқаруы мүмкін. Дегенмен, түпкілікті үкімді тек сот шығарады.


Жұлдыз Қабылденова