Павлодар ауданында ветеринарлық инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бірнеше жаңа ветеринарлық пункт пен мал қорымы салынып жатыр. Сол нысандардың бірі Новоямышево ауылында бой көтеруде. Толығырақ келесі материалда. 


15 сотық жерге салынып жатқан ветеринарлық пунктте жануарларға вакцина салу, тексеру және басқа да қажетті ветеринарлық қызметтер көрсетіледі. Жаңа нысан мамандардың жұмысын жеңілдетіп, профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге мүмкіндік береді.

Әсет Молдаш, Павлодар аудандық ветеринарлық станциясының басшысы

Мемлекет басшысы өз сөзінде 2030 қарай ветеринар стансиясын ретке келтіріліп салынуы керек деді. Қазіргі таңда мердегілер сапалы жұмыс жасап жатыр өз кәсібилігін танытып.

Бұған дейін ветеринар мамандар міндетті тексеру мен вакцинация жүргізу үшін ауыл тұрғындарының үйлерін аралап шығатын. Енді мал иелері жануарларын белгіленген уақытта аталмыш пунктке өздері әкеледі. Сонымен қатар, мұнда қараусыз жүрген малды уақытша ұстауға арналған арнайы алаң қарастырылған.

Асылбек Шайхимов, Новоямышево ауылының тұрғыны

Біздің ауылда маңызды жоба жүзеге асырылып жатыр – заманауи ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан Новоямышево ауылы үшін өте маңызды. Мұнда малға вакцина егу, тексеру және басқа да қажетті ветеринариялық шаралар өткізіледі. Менің ойымша, осы пункттің ашылуы ауылымыз үшін үлкен жетістік болады. Бұл ветеринариялық мамандардың жұмысын жеңілдетіп, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға зор пайдасын тигізеді.

Құрылыс жұмыстары жаздың сонына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Дильназ Қуанышбекқызы