Павлодар облысында жедел жәрдемнің жаңа қосалқы станциясы салынады. Тірек пункттері көбейіп, қолжетімділік арта түсуде. Өңірдегі жедел медициналық көмекті дамыту аясында республикалық маңызы бар автожолдардың бойында қосымша тірек пункттері ашылады. 


Өңірде жедел медициналық көмектің тірек пункттері желісі кеңейтіледі. Қазір олардың саны – сегіз. Олар республикалық автожолдардың бойында орналасқан және жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге «алтын сағат» қағидасы бойынша көмек көрсетеді. Мұндай пункттер тек трассаларда ғана емес, дәрігерлік амбулаториялары жоқ жақын маңдағы шағын елді мекендердің тұрғындарына да қызмет көрсетеді. 

Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Қазір бізге жаңа Достық ауданында жер учаскесін береді деп сеніп отырмыз. Сол жерде жаңа подстанция салынады деп жоспарлап отырмыз. Жол көлік апаттарының, зардап шегушілердің көбеюіне байланысты бізде республикалық жолдардың бойында 8 тірек пункттері орналасқан. Бірақ шағын елдімекендерде дәрігерлік амбулатория жоқ болғандықтан, бұл тірек пункттері аздық етеді. Сондықтан тағы 2 тірек пунктін ашуды жоспарлап отырмыз. 

Қазір өңірде жедел жәрдем қызметінде 109 көлік және 70 бригада жұмыс істейді. Железин, Ертіс, Баянауыл аудандары үш-үш бірлік санитарлық көліктен қамтылған. 


Самал Қалиқызы