Павлодардағы кітапханалардың бірінде «Біздің қымбатты Евгений Азаров» деген кітаптың тұсаукесері өтті. Үш бөлімнен тұрады. Онда Евгений Азаровты таныған азаматтар, балалары өзінің жылы естеліктерімен бөлісті. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Евгений Азаров Павлодар қаласын біраз жыл басқарып, шаһардың қалыптасуына үлес қосқан жан. Артынан өшпестей із қалдырды. Ол тек қана мемлекеттік қызметші емес, жазушы, әріптес, суретші, әке болғаны осы кітапта жазылған. Кітаптың авторы Александр Вервекин естеліктерге толы туынды кітапханаларда қолжетімді болатынын айтты. 

Александр Вервекин, кітап авторы

Кітап үш бөліктен тұрады. Алғашқы бөлігінде Евгений Азаров туралы эссе жазылған. Екінші бөлігінде естеліктер, яғни Азаровты білген жандар естеліктерімен бөлісті. Үшінші бөлікте ол туралы шыққан әдебиеттерде, электрондық материалдағы шыққан жарияланымдар. Кітапқа 23 адам енді. Мен кітап авторы ретінде 16 адамды өзім тыңдадым. Қалғандары жазбаша түрде берді. Кітап аз ғана тиражбен шығарылды, бірақ кітапханаларда оқырмандарға қолжетімді болады деген ниеттемін. 

Кітаптың тұсаукесеріне Евгений Азаровтың көзін көрген таныған, білген, сыйлаған азаматтар келді. Бәрі де жылы естеліктерімен бөлісті. Әсіресе балалары әкесіне деген сағынышын ерекше тебіреніспен жеткізді. 

Елена Азарова, қызы

Ол төртінші шөбересімен кездесуді ерекше үтті. Бірақ болмады. Шөбересі атасынан барлық қасиетті алды десек болады. Біз әкем қалағандай, шөбереінің атын Мария деп қойдық. Сондықтан бәрі жалғасады, және ол дұрыс. Әкем туралы көп нәрсе айта аламын. 

Бұл кітаптың тұсаукесері ғана емес, жылы естеліктермен бөлісу кеші болды. 

Жантас Еркінұлы, кітапхана қызметкері

Жалпы Евгений Григорьевичтің қаламыздың даму тарихына қосқан үлесін бәрі біледі деп ойлаймын. Проза жанрында жазды. тынысын ашатын сияқты көрінеді. 

Тұсаукесерде Евгений Азаровтың салған суреттері мен жазған кітаптары көрмеге қойылды. Осылайша келушілер қаланың дамуына, қалыптасуына үлес қосқан азаматтың қалдырған мол мұрасымен жақынырақ танысты. 



Самал Қалиқызы