Қала күні туған өлкенің өткені мен бүгініне тағзым етіп, оның жетістіктерін бағалайтын мереке. Осыған орай павлодарлықтар сүйікті қаласы туралы жылы лебіздерін білдіріп, оның тазалығы мен көркем табиғатын ерекше атап өтті.


Тұрғындардың айтуынша, Павлодар ең алдымен Ертіс өзенінің жағасымен, жасыл желекке көмкерілген көшелерімен және таза әрі жайлы ортасымен ерекшеленеді. Көпшілік үшін бұл балалық шақтың, еңбек жолының және өмірінің маңызды кезеңдері өткен туған мекен. Сондықтан қалаға деген құрмет пен сүйіспеншілік әр тұрғынның жүрегінен орын алған.

Павлодарлықтар қаланың жыл өткен сайын көркейіп, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы бола түскенін айтады. Ақжарма тілектер мен ыстық ықылас олардың туған шаһарына деген ерекше жанашырлығының айқын көрінісі болды.


Сабина Жолдаспаева