Негізгі Жаңалықтар Студенттер жатақханасы жаңа оқу жылына дайын

Студенттер жатақханасы жаңа оқу жылына дайын

Тамыз айында Павлодар облысындағы жоғары оқу орындарында студенттерді жатақханамен қамту мәселесіне қатысты мониторинг жұмыстары жалғасуда. Мамандар жатақханалардың ішкі жағдайын тексеріп, жаңа оқу жылына дайындығын бағалады.


Мониторинг барысында жатақханалардағы санитарлық жағдай, бөлмелердің жабдықталуы және студенттерге жасалған тұрмыстық жағдайлар назарға алынды. Мәселен, Торайғыров университетінде студенттерге арналған 3 жатақхана бар. Мұнда 1460 білім алушыны орналастыруға мүмкіндік қарастырылған.

Индира Оралханова, жастар саясаты және әкімшілік қызмет бойынша басқарма мүшесі

Жалпы енді торайғыров университетінде студенттерге арналған 3 жатақхана бар. Оның ішінде 1460 студентті қамтуға бағытталған.Биылғы жылы бір ерекшелік ол бір жатақхана шетел азаматтары. Біздің шетелдік студенттеріміз үшін. Бір жатақхана қыздар және бір жатақхана ұлдарға арналып бөлінді. Себебі енді санитарлық, гигиеналық болсын басқада қыздар болып өз тәртіптері болу үшін осындай шешім қабылданды. 

Облыстағы өзге де жоғары оқу орындарында жатақхана мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Қазір білім беру ұйымдары студенттерді орналастыру үшін қолда бар мүмкіндіктерін саралап, орын тапшылығын болдырмауға күш салып жатыр.

Жалпы биыл Павлодар облысының жоғары оқу орындарына 4 мыңға жуық бірінші курс студентінің қабылдануы күтіледі. Осыған байланысты жатақханаға орналасу мәселесі күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Студенттерді баспанамен қамту жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб та жұмысын күшейткен.

Дильназ Қуанышбекқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар