Жолаушылар пойызы тексерілуде
Жолдағы қауіпсіздік жолаушы пойызға отырған сәттен басталады. Сондықтан теміржол көлігіндегі тәртіп пен қызмет сапасы мамандардың тұрақты бақылауында. Облыста 27 шілдеден 30 тамызға дейін республикалық «Жолаушылар пойыздарын бақылау» акциясы өтуде. Бұл шараның маңыздылығы неде? Алдағы сюжеттен білейік.
Жыл басынан бері өңірде 23 жолаушылар пойызы тексерілді. Бақылау барысында 228-ден астам вагон қамтылды. Тексеру нәтижесінде 28 заң бұзушылық анықталып, олардың әрқайсысы бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Галлам Щеглов, Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау бөлімінің басшысы
Акция аясында жолаушылар вагондарының техникалық жағдайына, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ теміржол көлігінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болуына ерекше назар аударылады. Тексеру барысында жолаушылардың қауіпсіздігі мен оларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етуге бағытталған талаптардың сақталуы да бақылауға алынады.
Мұндай тексерулер анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюға және жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева