Семей полигонының жабылғанына — 35 жыл
Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына — 35 жыл. Осыған орай Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ядролық қасірет: ұмытылмас күндер» атты кездесу өтті.
1949 жылдың 29 тамызы Семей полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілді. Осылайша, қазақ жері төрт онжылдық бойы зардап шегіп, барлығы 456 жарылыстың ауыртпалығын көтерді.
Жиынға жиналғандар ядролық сынақтардардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті. Іс-шара барысында полигон ардагерлері өткен күндердің ауыр естеліктерімен бөлісіп, бұл қасіретті алаңның жабылуын бейбіт болашақ жолындағы аса маңызды тарихи шешім болғанын ерекше атап өтті.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойылып, бұл адамзат баласы үшін қару-жарақтан ерікті түрде бас тартудың алғашқы жарқын үлгісіне айналды. Кейіннен, 2010 жылы БҰҰ бұл датаны Қазақстанның бастамасымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп бекітті. Аталған полигонның жойылғанына 35 жыл уақыт өтсе де, оның қасіреті күллі адамзат баласы үшін маңызды сабақ әрі қатаң ескерту болып қала бермек.
Жұлдыз Қабылденова