Негізгі Жаңалықтар Президент тапсырмасына сай экономикалық өсім сақталды

Президент тапсырмасына сай экономикалық өсім сақталды

Президент тапсырмасына сай Қазақстан әлемдегі түрлі қиындықтарға қарамастан эконмикалық өсімді сақтап қалды. Нақтырақ айтқанда, өсім жыл басынан бері өсім 4 пайызды құрады. Павлодар облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік нәтиже көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты индексі 141 пайызға жетіп, өңір бірінші орынға шықты.


Алты айдың қорытындысы Павлодар облысы экономикасының тұрақты даму жолында екенін көрсетті. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде оң өсім байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,7 пайызды құрап, республикалық орташа деңгейден едәуір жоғары болды. Бұл – өңірдегі өндіріс, құрылыс, сауда және басқа да негізгі салалардың үйлесімді дамып келе жатқанын аңғартады.

Өңір басшысы барлық жоспарлы индикаторлардың жыл соңына дейін толық орындалуы басты міндет екенін атап өтті. Жиында облыстық бюджеттің орындалуы да егжей-тегжейлі қаралды. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бюджет кірістері 247,1 миллиард теңгені құрады. Бюджет шығыстарының орындалу деңгейі 99 пайыз болса, облыстық бюджет қаражаты толық игерілген.


Сабина Жолдаспаева



Бөлісу