Облыс әкімі жас энергетиктермен кездесті
Достық үйінде ұйымдастырылған жас энергетиктердің форумы осы салада еңбек етіп жүрген жүз жас маманның басын қосты. Ал жиында қандай өзекті тақырыптар қозғалды? Келесі сюжеттен көрейік.
«Серпін. Қуат. Өмір» атты жас энергетиктер форумы өңірімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жиынды ашқан аймақ басшысы елдің келешегі жастардың қолында екенін атап өтіп, әсіресе өнеркәсібі дамыған Павлодар облысының жетістіктерін жалғасытратын жаңа буын мамандары екеніне тоқталды.
Павлодарлықтармен қатар Астана мен Петропавл қалаларынан арнайы келген жас энергетиктерді біріктірген форум өзара тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар саланың өзекті мәселелерін талқылап, заманауи шешімдер мен өз көзқарастарын ортаға салды. Сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік берді.
Бұл ауқымды кездесу кадрлық әлеуетті нығайтып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби бастамаларына тың серпін берді. Мұндай диалог алаңдары жаңашыл идеялардың жүзеге асуына және саланың тұрақты дамуына тың жол ашады.
Жұлдыз Қабылденова