Негізгі Жаңалықтар «Alash uni» медиакабинеті ашылды

«Alash uni» медиакабинеті ашылды

Алаштың үні – өткеннің аманаты. Ал бүгін сол үн жаңа буынның шығармашылығы арқылы қайта жаңғырып отыр. Павлодар мектептерінің бірінде «Алаш үні» медиа кабинеті ашылды. Алаштың үні енді бұрынғыдан да анық, бұрынғыдан да жақсы естілетін болады. 


Павлодар қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп лицейінде Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай медиа кабинет ашылды. Оған ерекше «Алаш үні» атауы берілді. Бұл жерде білім ошағының оқушылары заман талабына сай роликтер, подкастар түсіріп, мәтін жазып, дайын контентті өңдеп, түрлі ақпараттық жобаларды жүзеге асыра алады.   

Анар Байғабылова, Ә. Бөкейхан атындағы лицей -мектептің директоры

Мектебіміздің оқушылары мектебіміздің өмірін жан жақты түсіруге, жан жақты көрсетуге біздің көрермендерімізге соны жеткізу. сонымен қатар, олар тек қана интервью беріп отырмай, оларға мәтінді жинақтап, оны құрастырып, оны қалай жеткізуге түрлі медиа құралдары арқылы соны іске асыру. Негізі осы подкаст студияның мақсаты қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыруға қажетті интерактивті тақта, микрофон, компьютер және басқа да техникалық құралдар қарастырылған. Медиа кабинеттің салтанатты ашылуының тағы бір символдық мәні бар. Оның ашылуы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – «Алаш үні» атауымен үндескен ерекше сәйкестік. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы да өз дәуірінде Алаштың үнін халыққа жеткізіп, ұлттың рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. 

Айман Зейнулина, филология ғылымдарының кандидаты

Жалпы қазақ елінде тарихи деректер тарихи күндерді материалдарды алған кезде құндысы Алаш қайраткерлерінің өмірбаяны, әдеби фолофиялық тарихи мұралары. Қыркүйек айы ерекше ай. Бірінші ол білім күні және ад бесінде қазақ ұлтының құндылығы болып есептелетін тіл мерекесі. Қыркүйек айында тіл ғылымының реформаторы болған, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа тұс келіп отыр. Ол заңдылық себебі қазақтың тіл өнері туралы жазған адамдардың бірі осы Ахмет ағамыз. 

«Алаш үні» – ұлт рухын ұлықтайтын атау ғана емес, оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп, тың идеяларын жүзеге асыратын, жаңа буынның шығармашылығына жол ашатын заманауи медиа алаң.


Самал Қалиқызы



Бөлісу